Главная Новости Спартакиадаға тіркелуге санаулы күндер қалды

Спартакиадаға тіркелуге санаулы күндер қалды

Спартакиадаға тіркелуге санаулы күндер қалды

Ал, сен, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компанияларын толық қамтитын аса ауқымды спорттық шараға тіркелдің бе? Егер осыған дейін бұлай белсенділік танытпасаңыз, ұйымдастырушылар алқасы, 31 шілдеге дейін үлгеруге шақырады. 2 тамыз болса, аймақтық іріктеу сайыстары басталып кетпек! 

Тіркеу spartakiadask.kz сайтында онлайн жүруде. Үміткерлер техникалық өтінім мен әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі туралы арызды толтырулары, жеке куәліктің көшірмесін, жұмыс орнынан мерзімі көрсетілген анықтаманы жолдауы керек.

2 тамыз бен 8 қыркүйек күндері арасында Қор құрамындағы кәсіпорындар қызметкерлері мықтылар атағы үшін 2 кезеңнен тұратын 8 спорт түрінен сайысқа түсетіні көзделуде: шағын футбол,  волейбол, стритбол, үстел теннисі, армрестлинг, кибер-спорт (Counter-Strike 1.6), шахмат және тоғызқұмалақ.

Бірінші кезең – іріктеу сынақтары  еліміздің төрт қаласында: Павлодар, Щучинск, Шымкент, Ақтауда өтеді.

2 тамыз бен 4 тамыз аралығында Солтүстік-Шығыс командалары құрамында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері Павлодар қаласында бақ сынасады.

Орталықта 9 тамыз бен 11 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары спортшылары жарысады. Спортшыларды Щучинск қаласы қарсы алады.

Ақтаудағы іріктеу жарыстары 16-18 тамыз аралығында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан аймақтарынан Батыс аумағының қатысушыларын жинайды.

Оңтүстікте Шымкент қаласында 23-25 тамыз аралығында Алматы, Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының еңбекшілері жүздеседі.

Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен ең үздік топтар мен спортшылар шешуші ойында жеңімпазды анықтау үшін 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында суперфиналда кездеседі.

Cәттілік, Самұрық-Қазына сайыпқырандары!

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: