Главная Новости Самұрық-Энерго мен ҚТЖ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Самұрық-Энерго мен ҚТЖ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Самұрық-Энерго мен ҚТЖ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді Алмат Жәмиев

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. Кездесу барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" АҚ өкілі болып Алмат Жәмиев сайланды.

Сондай-ақ, "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Лука Сутераның (Luca Sutera) өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. 

"Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қор Басқармасының шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Рахметовтың және Анатолий Спицынның өкілеттігі тоқтатылды.

Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Серік Святов қызметінен кетті.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: