Главная Новости Мұнайшылар садақ атып, аударыспақ ойнады

Мұнайшылар садақ атып, аударыспақ ойнады

Мұнайшылар садақ атып, аударыспақ ойнады

"Өзенмұнайгаз" компаниясы, Жастар жылы аясында, өз еңбеккерлеріне арнап ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Жас мамандар кеңесі ұйытқы болған шараға №1,2,3 мұнай-газ өндіру басқармасы командалары қатысып, арқан тарту, аударыспақ, ләңгі тебу, садақ ату сияқты бағыттарды бақ сынасып, тартысқа түсті.

"Сайыс жастардың ерік-жігерін шыңдап, көтеріңкі көңіл-күй береді. Адам спортпен айналысу арқылы денсаулығына көңіл бөлсе - өзін-өзі сыйлағаны. Спортпен шұғылданған жан зиянды әдеттерден аулақ болады. Ұлттық ойындар мергендік сынды қасиеттерді күшейтіп, шеберлікке баулиды, ой-сананың жылдам өсуіне көмектеседі", - дейді "Өзенмұнайгаз" АҚ Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бердібайұлы.

Сонымен, ұлттық ойын түрлері бойынша командалар төмендегідей көрсеткіштерге иеленді:

Арқан тарту: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ;

Аударыспақ: 1-орын №1 МГӨБ, 2-орын №2 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ;

Садақ ату: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын№1 МГӨБ, 3-орын№3 МГӨБ;

Ләңгі тебу: 1-орын №2 МГӨБ, 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ.

Жалпы командалық есеп бойынша бас кубок №2 МГӨБ командасына тапсырылды. 2-орын №1 МГӨБ, 3-орын №3 МГӨБ командасы үлесіне тиді. Жеңімпаздарға кубок пен диплом, қаржылай сыйлық берілді. 

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: