Главная Новости Есімов: Трансформация дегенде «әсіре» сандардан бас тарту қажет

Есімов: Трансформация дегенде «әсіре» сандардан бас тарту қажет

Есімов: Трансформация дегенде «әсіре» сандардан бас тарту қажет Сурет: Ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Трансформация бағдарламасын қоржындық компаниялардың бизнес-мақсаттарына барынша сәйкестендіруді тапсырды деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру және одан әрі дамыту тақырыбында жиналыс өтті. Оған Қордың және қоржындық компания басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар бағдарламаны іске асырудың 2018 жылғы алдын ала нәтижелерін саралады.

«Өкінішке орай, осы жылдар бойы трансформациядан түскен кіріс Қор жұмсаған шығындарды өтеген жоқ. «Әсіре» сандардан бас тарту қажет. Бізге трансформация арқылы әр компаниямыздың табыстылығын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдер қажет», - дейді Ахметжан Есімов.

Жаңғырту қадамдарының жаңа кезеңін іске асыру барысына Қордың Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев жетекшілік етпек. Жиында ол аталған бағдарламаны тиянақты атқарудың тың жолдарын таныстырды. Бұл компаниялардың бизнес тиімділігін, нақты экономикалық және қаржылық пайдасын арттыруға бағытталған.

Айта кеткен жөн, Трансформация бағдарламасы Елбасы тапсырмасы бойынша 2014 жылдың қазан айында қолға алынды. «Самұрық-Қазына» қорының қоржындық компанияларының экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарлама  «Temasek» (Сингапур), «Khazanah» (Малайзия) және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) сияқты жетекші әл-ауқат қорлардың тәжірибесі негізінде әзірленген.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: