Главная Новости Айыппұлды телефон бірлігінен төлеңіз

Айыппұлды телефон бірлігінен төлеңіз

Айыппұлды телефон бірлігінен төлеңіз Сурет: ашық дереккөзден

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Қазпошта" АҚ-мен бірлесе, "Электрондық үкімет" сайтында айыппұлдарды, баждарды және тағы басқа төлемдерді ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлеу сервисін іске қосты.

Теңгерімінде жеткілікті ақшалай қаражаты бар бола отырып, "Kсell" және "Билайн" ұялы операторларының абоненттері "Ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлеу" тәсілін таңдап, банк картасын қолданбай-ақ төлем жасай алады. Өз деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізген кезде абонент бірреттік SMS-паролін алады. Оны растаған жағдайда айыппұлдың, баждардың және тағы басқа төлемдердің онлайн-төлемі жүргізілетін болады. Төлем туралы түбіртек порталдағы "Жеке кабинетте" сақталады.

"Аталған тәсілден басқа төлем картасы немесе электрондық әмиян арқылы да төлем жасауға болатынын ескертеміз", делінген "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: