Главная Новости 350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

350 000 қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды

2018 жылы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік маңызы бар 57 жобаны іске асырды. Бұл жерде әлеуметтік және медициналық секторда көмек көрсету, медиа саланы, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестиция салу, "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыру бағыттары арқау етілген.

Өткен жылы қайырымдылық көмек алушы қазақстандықтар саны 350 мың адамды құраған. Сондай-ақ Қор өз жұмысында балаларға үлкен көңіл бөліп келеді. 

Осы ретте, сал ауруына ұшыраған 1 627 бала "Дені сау балалар" жобасының арқасында тегін оңалтудан өткен. Қазақстанда емдеуге мүмкіндік жоқ 209 бала "Балаларға өмір сыйла" жобасы аясында шетелдік емханаларға жіберіліп, 6 552 бала медициналық пойыздарда қаралған.

199 бала отбасы үлгісіндегі "SOS" балалар ауылында тұрып жатса, 1306 отбасы "Балаға арналған қамқорлық үйі" жобасы аясында психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алған.

 "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Жас дарындар" жобасын іске асыруды жалғастыруда. Оның арқасында 2018 жылы 27 дарынды бала жол жүру гранттарына ие болған және халықаралық байқаулар мен жарыстарға қатысқан.

Сонымен қатар, өткен жылы еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында жұмысшы кәсіптерін танымал етуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіліп, жоба қорытындысы бойынша 21 332 оқушы кәсіптік бағдар беру тренингтеріне шыңдалған.

Астананың 1 530 кішкентай тұрғыны "Замандас" аула клубтарына тегін барып, шығармашылық, спорттық және ғылыми үйірмелерге қатысуда. 600 жасөспірім "Туған елге саяхат" жобасына қатысу арқылы еліміздің басты туристтік нысандарында болып қайтқанын атап өткен жөн.

Балаларға бағытталған жобаларды іске асыра отырып, "Samruk-Kazyna Trust" қоры елдің ересек тұрғындарын да ұмытпайтынын хабарлауда. Дәстүрлі түрде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше көңіл бөлініп, 2018 жылы оларға арнап 4 770 волонтерлік рейд ұйымдастырылған. 1200 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмысқа жәрдемдесу түрінде атаулы көмек ие болған. Бұдан басқа, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне Қазақстан мен ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жол жүру ұсынылуда.

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры қазақ тілін дамыту бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп радиосабақтар сериясы іске қосылып, мемлекеттік тілдегі іскерлік құжаттама бойынша www.resmihat.kz интернет-порталы ашылған. 80 000-ға жуық адам www.soyle.kz  ресми сайты арқылы қазақ тілін үйренуде.

 "Медициналық пойыздар" жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарында тұратын 35 754 ересек қазақстандық білікті дәрігерлердің көмегіне қол жеткізіп, "ӘREKET" жобасы арқылы 180 коммерциялық емес ұйымның 265 өкілі әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. 96 грант бөлінген.

Семей және Шымкент қалаларында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылса, олардың әрқайсысы жыл сайын ерекше білім алу қажеттілігі бар 150-ге жуық баланы қабылдай алмақ. Бұдан басқа, өткен жылы Астана, Ақтөбе, Көкшетау және Өскемен қалаларында 7 ресурстық орталық іске қосылған.

Өткен жылы Қор бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын да үзбеген. Осылайша "Сенің басқа қырың!" сhallenge көп пікірге ие болып, өз айналасында 300 000-нан астам қазақстандықты біріктіргені аян. Бұл жобаны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдады.

Сонымен қатар, спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша игілікті істер еңсерілген: елдің 10 өңірінде спортпен шұғылдануға арналған жалпы көлемі 52 000 шаршы метрден асатын 50-ден астам алаң салынған.

 "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Біз әрқашан ашықтық, тиімділік және әлеуметтік маңыздылық қағидаттарын ұстана отырып жұмыс жасаймыз. Біз жүзеге асырып жатқан барлық жобалар - еліміздің көмек қажет ететін азаматтарына арналған және олар көмекті тегін ала алатынын атап өтеміз", – дейді "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Диас Әзбергенов.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: