Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір – Атырау облысында небары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.
"Зейнеткерлік – қарттықты әдемі қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткізуге мүмкіндік беретін шақ. Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады", – дейді Корпорацияның Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева
Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілген.
Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін, SMS-хабарлама жолданатын қызмет болса, 2019 жылдың тамызында енгізілген. Әзірге бұл қызметті Мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады екен.