Тіркеу spartakiadask.kz сайтында онлайн жүруде. Үміткерлер техникалық өтінім мен әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі туралы арызды толтырулары, жеке куәліктің көшірмесін, жұмыс орнынан мерзімі көрсетілген анықтаманы жолдауы керек.
2 тамыз бен 8 қыркүйек күндері арасында Қор құрамындағы кәсіпорындар қызметкерлері мықтылар атағы үшін 2 кезеңнен тұратын 8 спорт түрінен сайысқа түсетіні көзделуде: шағын футбол, волейбол, стритбол, үстел теннисі, армрестлинг, кибер-спорт (Counter-Strike 1.6), шахмат және тоғызқұмалақ.
Бірінші кезең – іріктеу сынақтары еліміздің төрт қаласында: Павлодар, Щучинск, Шымкент, Ақтауда өтеді.
2 тамыз бен 4 тамыз аралығында Солтүстік-Шығыс командалары құрамында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері Павлодар қаласында бақ сынасады.
Орталықта 9 тамыз бен 11 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары спортшылары жарысады. Спортшыларды Щучинск қаласы қарсы алады.
Ақтаудағы іріктеу жарыстары 16-18 тамыз аралығында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан аймақтарынан Батыс аумағының қатысушыларын жинайды.
Оңтүстікте Шымкент қаласында 23-25 тамыз аралығында Алматы, Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының еңбекшілері жүздеседі.
Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен ең үздік топтар мен спортшылар шешуші ойында жеңімпазды анықтау үшін 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында суперфиналда кездеседі.
Cәттілік, Самұрық-Қазына сайыпқырандары!