Модернизациялау жобасын іске асыру нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда екі жаңа технологиялық кешен салынып, пайдалануға берілген: изомерлеу және нафта сплиттері кешені мен күкірт өндіру қондырғылары кешені.
Жалпызауыттық шаруашылыққа қатысты 12 жаңа нысан салынған. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттар қайта жаңартылған: мұнайды бастапқы және терең өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы. Осы шаралардың барлығы каталитикалық крекинг қондырғысының қуатын шикізат көлемі бойынша жылына 1350 мың тоннадан 1868 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, ТР ТС 013/2011 Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық сыныптары бойынша мотор отындарын өндіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ авиа отын өндірісін қайта жандандыруға мүмкіндік бермек.
ПМХЗ-да технологиялық бизнес-процестерді жүргізу әдістеріне де өзгерістер енгізілген, онда цифрландыруға баса назар аударылуда екен. 2018 жылдан бастап SpiralPlan өндірісті оңтайландыруды жоспарлау жүйесі іске асырылып, оның көмегімен 2019 жылға арналған ПМХЗ жылдық өндірістік бағдарламасы жасалған. Бұл, тиісінше, кәсіпорынның операциялық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жастар жылы аясында кәсіпорынның жас мамандарымен, кәсіптік шеберлік байқауының жеңімпаздарымен, «Lean Six Sigma» әдісін қолданып, үнемді өндіріс жобаларын әзірлеушілерімен, ПМХЗ жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелерімен және «Жас Отан» жастар қанатымен кездесенг. Зауыттың жас мамандары ел басшылығының ұсынған әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіре отырып, республикадағы барлық қоғам институттарын жаңғыртудың маңыздылығын атап өткен.