Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады. Сатудан түскен кірістің өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 %-ды межеледі.
Операциялық пайда (NOPLAT) өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есептік кезеңде 9,6 %-ға өсті. Тиісінше таза табыс 39,5 %-ға артып, 1158 млрд теңгені еңсерді.
Айта кету керек, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын мақұлдады. Елбасы Ұлттық әл-ауқат қорына негізгі мақсаттың бірі ретінде қоржындық компанияларды тиімді басқаруды және олардың қызметінің көрсеткіштерін ұқсас әлемдік компаниялардың көрсеткіштерімен теңестіруді жүктеді.