Есть идея!  | 30 шілде 09:14

Қазақстанда бензин Еуропаға қарағанда арзан

Еліміз Еуропадағы халыққа бензиннің қолжетімділігі бойынша рейтингте 18-ші орынға тұрақтады. Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар жалақының орташа мөлшеріне 843,5 лирт бензин ала алады.

Бірінші орында шағын ғана Люксембург мемлекеті тұрғанын атап өткен жөн. Екінші орын Норвегияға тиесілі.

Қазақстанда болса, бензиннің, дизельдік отынның да құны тұрғысында арзан баға қалыптасқан. 169,4 теңгені ресейлік ақшаға ауыстырсақ, АИ-95 литрі 27,9 рубль болмақ. Көрші елдің өзінде айқындалған осы бензин түріне баға 45,5 рубль, біздің ақшамен 276,27 теңгені құрауда. Беларусь (284,77 теңге) пен Украинада (453,56 теңге) тіпті қымбат. 

Елімізде дизель бағасы 193,69 теңгені төңіректесе, қызығы, Норвегияда керісінше ең қымбат болып, 677,60 теңгеге сатылуда. 

Айтпақшы, Қазақстанда, бензин жыл басынан бері 3,9 пайызға арзандаған.