Есть идея!  | 11 қыркүйек 15:44

Қаражанбас мұнайшылары кәсіби мерекесін атап өтті

ҚР Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қаражанбас кен орнындағы мәдени демалыс орталығында мұнайшыларға арналған мерекелік концерт өтті.  

Компания жұмысшыларын басшылық тарапы құттықтап, бірқатар марапаттарды табыстады. Сондай-ақ, 5-6 қыркүйек күндері өткен спорттық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, «Үздік маман-2018» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары да сыйсыз қалмады.