Бұдан басқа, өңірдің көліктік қолжетімділігін дамыту үшін қала маңы тасымалында «Түркістан-Сарыағаш», «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Шымкент» әлеуметтік маңызды бағыттары бойынша пойыздар іске қосылған.
Жолаушылардың сұрауы мен өтініштерін назарға ала отырып, 2018 жылы республикаішілік бағыттар бойынша қосымша сегіз коммерциялық пойыз, сондай-ақ «Қарағанды-Томск» қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы жіберілген. Мереке мен мерекеалды күндері әртүрлі 13 қосымша пойыз жолға шыққан.
Өткен жылы «Алматы-Павлодар», «Астана-Риддер» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушы пойызының жылжымалы құрамы жаңартылғаны тағы белгілі.
Биыл Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласындағы жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету, тұтынушы қолайына жағу жөніндегі жұмыстарды ары қарай да жалғастырмақ.