Теңгерімінде жеткілікті ақшалай қаражаты бар бола отырып, "Kсell" және "Билайн" ұялы операторларының абоненттері "Ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлеу" тәсілін таңдап, банк картасын қолданбай-ақ төлем жасай алады. Өз деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізген кезде абонент бірреттік SMS-паролін алады. Оны растаған жағдайда айыппұлдың, баждардың және тағы басқа төлемдердің онлайн-төлемі жүргізілетін болады. Төлем туралы түбіртек порталдағы "Жеке кабинетте" сақталады.
"Аталған тәсілден басқа төлем картасы немесе электрондық әмиян арқылы да төлем жасауға болатынын ескертеміз", делінген "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.