Алматыдағы жиынға «Кегок», «Эйр Астана», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта» тәрізді ұлттық компаниялар қызметкерлері қатысып, Орталықтың басқарушы директоры Сандуғаш Ескендірова мен талдау басқармасының жетекшісі Айжан Омарбекова «Самұрық-Қазына» қоры компанияларына әдістемелік көмек көрсету, зерттеу қорытындысын әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға қолдану, кері байланыс орнату мәселелерін талқыға салды.
Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесінде де Әлеуметтік тұрақтылық индексі әдістемесі таныстырылды.
Оңтүстік өңірлерден кейін батысқа ойысқан «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшылары жергілікті компаниялардың HR және әлеуметтік сала мамандарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын зерттеу мәселелерін талқыға салды.
Мұндай көшпелі семинар-кеңестер легі Астана қаласында мәре сызығын кесті.
Әлеуметтік тұрақтылық индексі компаниялардағы еңбек жағдайлары, коммуникациялық қарым-қатынас, кәсіподақ жұмысы туралы кадрлық және әлеуметтік саясаттың шынайы жағдайын көрсетеді. 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеу 270-ден астам компаниядағы іріктелген түрде алынған 40 мыңға жуық адамды қамтуда.