A320neo ұшақтары Қазақстан ішінде және Қытайға, Үндістанға, Ресейге және Украинаға қатынайды.
Airbus A320neo (new engine option) тар фюзеляжды реактивті ұшақ тобына жатады және дербес ойын-сауық жүйесі бар эконом дәрежедегі 162 кресломен жабдықталған.
A320neo ұшағы А320 тобының жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Бұл жоғары үнемді ұшақтар Pratt & Whitney жаңа қозғалтқыштарымен жабдықталған.
Жаңа әуе көлігі өз санытындағы ең тыныш лайнер болып есептеледі. Кеңірек салон, сыйымды жүк сөрелерін ұсынады және жарық-диодты технология негізіндегі жарықтандырудың жаңа жүйесі қарастылырлған.
Қазіргі таңда "Эйр Астана" компаниясының әуе паркінде Airbus тобының 17 ұшағы бар: оның ішінде 8 А320, 2 А320neo, 4 А321 және 3 А321neo.